"Легионер болған соң білгенін жасап жатыр". Қазақстандық боксшы теннисшілерге қатысты пікір білдірді

Фото: muzdi_ парақшасынан

Пікір
437

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваны сынға алды, деп хабарлайды madeniportal.kz

Балауса Instagram желісіндегі стористе атақты теннисшліерді сынға алды. Шілдеде олар Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын, ал тамыз айында міне АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы турнирге қатысады. 

"Легионер болған соң білгенін жасап жатыр. Қазақстанда туып өссе қай ұлт болсын кіндік қаны тамған, туған еліне бүйрегі бұрып тұрады ғой. Біздің құрамада да басқа ұлттың қыздары бар, жүректері Қазақ деп соғып тұрған. Елдің намысын қорғап, туымызды биікке көтеріп жүрген. Өйткені олар Қазақстанда туған, олардың отаны Қазақстан! Ауырып өлейін деп тұрсада рингке шығып, соңына дейін күреседі. Өйткені Елі оларға сеніп отырғанын сезінеді. Ал легионерлерде ондай сезім жоқ. Олар тек біздің елдің атынан шығуға мүмкіндік алғандар. Сол арқылы ақша тауып жатқан спортшылар", – деп жазды боксшы Instagram парақшасында. 

Боксшы ару сонымен қатар Олимпиадаға барған, жүлде алған спортшыларды да сынап, артық сөз айтып керек еместігін, спортшыларымыз үшін біз мақтануымыз керек деп қоса кетті. 

Жаңалықтар

Сенат және Мәжіліс депутаты Абзал Құспан соғыстың қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды mad...

Жаңалықтар

Ресей Днепрге шабуыл жасаған баллистикалық зымыран қырғи қабақ соғыс кезінде де қолданылған, деп хаб...