112 қызметі Қостанай облысының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz. &laq...
Министр МӘМС жүйесін реттеуге уәде берді
Жақында ғана Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназароваға БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді,- деп хабарлайды madeniportal.kz.
Министр бір жылға жетпей МӘМС жүйесін реттеуге уәде берді. Бірінші кезекте тұрғындардың неліктен МӘМС жүйесіне көңілі толмайтынын анықтап, жүйені қайта жасау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ МӘМС-тен бас тартуға болмайды. Бұл - министрліктің өзгермейтін көзқарасы екенін мәлімдеді.
Ең бастысы жұмысымызды Президентіміздің тапсырмаларын орындаудан бастаймыз. Кеше кеңейтілген үкімет отрысында Президент тарапынан тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Нақты тапсырмасы МӘМС жүйесі болды. Бүгінгі күні нақты нәтиже көрсетіп отырған жоқ. МӘМС жүйесіне сын көзқараспен қарап, негізгі жұмысын өзгерту мәселесін алға қойды. Біз бұл жұмысты бастап кеттік деп айтуға болады. Тез шешім қабылдауға болмайды. Себебі халықпен жұмыс істейтін үлкен жүйе. Сондықтан бұл жерде асығыс жасаған шешімдер қабылданбауы керек. Оған уақыт керек, – деді министр.
Айта кетейік МӘМС жүйесіне қаражат халық тарапынан бөлінетін жарна есебінен жинақталады.
Бұл туралы жұмыс берушілердің жауапкершілігі қарастырылған және мемлекет тарапынан кепілдентірілген медициналық көмектің көлемін қаржыландыру беріліп отыр, - деді Ақмарал Әлназарова.