Қ.Тоқаев: Ауызбіршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық

Жаңалықтар
789

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген Президент шаһардағы «Астана» алаңында өтіп жатқан мерекелік шараға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың қазақ халқы үшін береке-бірліктің, жақсылықтың нышанын дәріптейтін мереке екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент зиялы қауымның және өнер, білім, ғылым, бизнес салалары өкілдерінің Алматы шаһарында шоғырланғанына тоқталып, қаңтар оқиғасы кезінде қала тұрғындарының зор қауіп-қатерге төтеп бергеніне ерекше мән берді. 

– Сын сағатта тұрғындар нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Біз ауызбіршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық. Мен шаһарды қалпына келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бердім. Алматыны өркендету және жергілікті жұрттың тұрмыс сапасын жақсарту менің айырықша назарымда. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр. Оны жүзеге асыруға алматылықтар барынша атсалысады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Мемлекет басшысы дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызға тоқталып, өзінің халыққа Жолдауында айтылған көлемді реформалар елімізді түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінен кейін жиналған жұртшылықпен бірге мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.



Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...