Аида Балаева: Алғаш рет 8 тілде таратылатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосамыз

МӘДЕНИЕТ
328

Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ағымдағы жылдың 1 наурызында «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылылады деп мәлімдеді. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.

Аталмыш порталда жарияланатын барлық материалдар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде ұсынылады. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті араб, ағылшын, қытай, орыс, түрік, француз, испан, түрік, қазақ тілдерінде насихатталады.

 «Біз алғаш рет 8 тілде таратылатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосамыз. Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды ел аумағында ғана емес, шет ел аудиториясына да насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Оның негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық сай-саласын аралауға – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау. Бұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Мәселен, күніне 50 мың адам кіретін «Лувр» музейі онлайн кеңістікте 10 миллион «виртуалды туристерді» қабылдайды», деді министр.     

сондай-ақ Қазақ мәдениетінің түрлі салаларына арналған бөлімдерде таланттар, елдің даму мүмкіндіктері, театр қойылымдары, киноиндустрия, мұражайлар, кітапханалар, мұрағаттар, туристік орындар, қолөнер, сондай-ақ Қазақстанның сәулет өнеріндегі жетістіктері туралы ақпараттар ұсынылатын болады.


Жаңалықтар

“Көреміз” бағдарламасының журналисті Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасына виде...

Жаңалықтар

Cиноптиктер ертең, 25 қарашада еліміздің он екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп...