Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан табылып, жоғары марапаттарға ие бо...
64 мыңға жуық мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 45 пайызға өсті - А. Балаева
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кеңейтілген алқа отырысында былтырғы жыл қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Мәдениет – ұлттық идеологиямыздың рухани діңгегі. Осы орайда, ел Президенті «Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттермен мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден-бір кепілі» деген сөз сол қағиданың бүкіл мазмұнын ашып берді.
Біз бұл жұмысты 2029 жылға дейінгі Мәдениет саясат тұжырымдамасын жүзеге асырудан бастадық. Оның аясында 44 мәдени нысанның құрылысы аяқталса, тағы 260-ы жөндеуден өтті. 64 мыңға жуық мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 45 пайызға өсті. Былтыр республикалық концерттік ұйымдар 500-ден аса концерт ұйымдастырып, 2000-нан аса спектакль, 65 жаңа қойылымдар сахналанды, - деді министр.