Полиция «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділерін ұстауға тырысты (видео)

Заң
656

Полиция заңды бұзған дүкенге жасалған пикет үшін "Жаңа адамдар" белсенділерін ұстауға тырысты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

19 ақпан күні Астанада "Жаңа адамдар"  қозғалысындағы "ЗАҢ " жобасының белсенділері  Асфендияров 2 мекен-жайында орналасқан "KaiMart" дүкенінде пикет өткізді.  Анық болғандай осы дүкеннің қызметкері бүгінгі күнге дейін 15 жасар қызға алкоголь ішімдіктерін, оның ішінде, арақты сатып келген. Алайда сатушы өз кінәсін мойындаудан бас тартты.   Оқиға соңы дүкен иесімен жанжалға ұласты.

Пикет күні дүкен иесі де сол жерде болды. Ол өзін өте агрессивті ұстап, белсенділерді қорлап, жазамен қорқытты және төбелес ұйымдастыруға да тырысты. Нәтижесінде оның заңға қайшы әрекеттерін видеоға түсіріп тұрған пикет қатысушысының телефонын сындырды.  

Сол күні кешке "Жаңа адамдар" кампусы алдына бірнеше полиция көлігі мен екі автобус келді. Астана қаласы Нұра ауданы полиция департаментінің қызметкерлері жастар қозғалысының толыққанды қызметіне кедергі жасап, кампусты 4 сағат бойы қоршап тұрды. Полиция қызметкерлері өз әрекеттерін "KaiMart" дүкенінің иесі пикетке байланысты "Жаңа адамдар" белсенділерінің үстінен жазған арызға байланысты екенін айтып түсіндірген. Полиция он шақты белсендіні бірден бөлімшеге алып кетуге тырысты. Ақыры бұл әрекеттері сәтсіз болған соң, олар қоршауды алып, түк болмағандай жайларына кетіп қалған.

Сонда бұны қалай түсінуге болады? - деп таңқалады қоғам белсенділері. Полиция неге сонша бес қаруын асынып, жауға шапқандай сайланып келген? Неге екі бірдей автобуспен, бірнеше көлікпен, топ-тобымен келеді? Сонда олар заңды өрескел бұзып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге алкогольдік ішімдік сатқан кәсіпкерді қорғай ма? Біз оларды қарапайым халықты қорғап, тәртіпті күзететін біздің қорғанымыз деп жүрміз ғой!  

Келесі күні Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Жаңа адамдар белсенділерін кампусты бұғаттаумен болған оқиғаны талқылау үшін бөлімшеге шақырды. Диалог нәтижесінде жанжал шешілді. Полиция бізді "KaiMART" дүкеніне қатысты кәмелетке толмағандарға алкоголь сату туралы іс сотқа жіберілді деп сендірді.

Енді "KaiMART" дүкенінің иесін жаппай пикеттер мен әкімшілік жаза күтіп тұр.

https://www.instagram.com/reel/C3pYHxZMJ5j/?igsh=Njl1enJtczMwajR5

https://disk.yandex.ru/i/OQXdeK1NPNuMOQ

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...