Мәскеудің Басман соты Крокус Сити холдағы теректіге қатысы бар деген күдікпен тағы үш адамды қамауға...
Бюджет қаражатын жымқырған Шымкенттік бапкерлер сотталды
Шымкентте оқу-жаттығу жиынын қағаз жүзінде ғана өткізген бапкерлердің ісі әшкереленді. Олар заңсыз әрекеті арқылы 6 млн теңгені қалталарына басқан, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Шымкент қалалық прокуратураның мәлімдеуінше сот үкімімен Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны талан-таражға салған.
"Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді", - делінген хабарламада.