Мемлекеттік қуыршақ театры – республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры. Қазақ жерінде өткен...
Алматыда ЖРВИ жұқтырғандар саны күрт көбейді
Алматы қаласында 22 235 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғаны (ЖРВИ) анықталды. Бұл туралы Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың сөзінше, мегаполисте ЖРВИ сырқаты бойынша маусымдық таралу байқалады.
«Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 997,2%. Осы жылдың қарашасынан бері А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық», – дейді Әсел Қалықова.
Сондай-ақ ол қалада риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус таралып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың өршуі кезеңінде халыққа алдын алу шараларын сақтауды ұсынады:
- дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин жақпа майын қолдану;
- жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет;
- аурып қалған жағдайда үйде болу керек, өзін-өзі емдемей, медицина қызметкерін шақыру қажет, түшкіру және жөтелу кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;
- науқас балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға жібермеу.
Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.