«Хабар» телеарнасы «Шашу» комедиялық телехикаясын ұсынады

Жаңалықтар
263

26 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасында «Шашу» комедиялық телехикаясы көрерменге жол тартады

Картинаның идея және сценарий авторы – Жәмит Көшербаев, қоюшы режиссері – Ернат Байұзақ, продюсері – Толқын Сейдоллақызы. 

21 қараша күні Kinopark 11 IMAX кинотеатрында сериалдың түсірілім тобы, «Хабар» Агентігінің өкілдері, журналистер мен блогерлердің қатысуымен комедияның алдын-ала көрсетілімі өтті.    

Отбасылық құндылықтар мен қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл өмірін насихаттайтын комедиялық телесериалды «Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша «5 СТУДИЯ TV PRODUCTION» ЖШС түсірген. 

Басты кейіпкерлер Арман мен Аида шетелде білім алып, сол жақта табысып, отбасын құрған. Арман – дәрігер, ал Аида – сән әлеміне енді ғана қадам басқан жас дизайнер. Ұлдары Алан – 3 сынып оқушысы. 10 жылдан астам уақыт АҚШ-та тұрып жатқан «шетелдіктердің» бір қалыпты өмірін Науат апаның хабары өзгертеді.   

Ауылда ұлын күтіп жүрген Науат апа: «Қара шаңырақтың иесі келеді», – деп қыздарының қолына бармайды. Бірақ Арман әзірге елге қайтуды ойламайды да. Оның үстіне жыл өткен сайын сол жаққа сіңісіп, туған елге ат басын бұруы тіпті сиреп, алыстап бара жатқаны сезіледі. Мұны түсінген Науат апа қыздары мен күйеубалаларын шақыртып, «шетелдіктерді» елге қайтарып, ауылда алып қалудың жоспарын құрады. 

Науат апа баласын елге қайтара алады ма, мұны хикаяның соңында білесіздер. 

Актерлер құрамы да кино саласының майталмандарынан таңдап алынды. Атап айтқанда, Әлихан Ыдырышева, Қуандық Шәкіржанов, Айгүл Кәден, Еділ Рамазанов, Гүлшат Тұтова, Есжан Хамидуллин, Әйгерім Уәлжанова. Сонымен қатар, кино және театр әлемінде өзіндік жолын қалыптастырып үлгерген жас актер Әли Марат және аталмыш салада алғашқы қадамдарын бастап жатқан Мақпал Қасенова, Архат Қайратұлы басты рөлдерді сомдайды. Телехикаяның түсіріліміне елімізге белгілі дизайнерлер Аида Кауменова, Берік Исмаилов, Құралай Нұрқаділовалар да атсалысты. 

32 бөлімнен тұратын телехикая 26 қарашадан бастап 18:45-те «Хабар» арнасынан көрсетіледі.  

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...