«Мен, өзге және өзгесі» кітабының тұсаукесері өтті

МӘДЕНИЕТ
317

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігі ұйымдастырған шараға қатысты. Онда түрік ғалымы және дипломаты Ибраһим Калынның «Мен, өзге және өзгесі» атты кітабы таныстырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұртөре Жүсіп шараға қатысушыларға Қазақстан мен Түркия қатынастарын одан әрі дамытудың маңызы туралы айтып берді. ТүркПА, ТҮРКСОЙ және Түркі мемлекеттерінің ұйымы алаңдарында диалог жүргізу екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған бауырлас мемлекет – Түркия. Біздің елдеріміз арасындағы қатынастар сол кезден бастап өте жылдам қарқынмен дамып келеді. Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы дипломатиялық қатынастар орнаған алғашқы күнден бастап дамудың оң серпінімен сипатталады. Бүгінгі таңда біздің елдеріміз арасында мемлекетаралық және өңірлік бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды, ол құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың іргетасына айналды. Инвестициялық салада, білім беру, ғылым, техника, табиғатты қорғау қызметі, туризмді, мәдениетті дамыту және басқа да стратегиялық маңызды бағыттарда ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Мәдениеті мен рухы, тілі мен тұрмысы жағынан жақын бауырлас елдер ретінде бүгінгі шара Қазақстан мен Түркия қатынастарын одан әрі нығайтудың маңызды бөлшегі болып табылады», - деді Нұртөре Жүсіп.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...