Ақмола облысында лауазымды тұлғалар бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

Заң
562

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеріс жүргізді.

- Соның нәтижесі бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды. Бұл дерек бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкция бойынша сотталушылардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтың алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова көз жұмды, деп хабарлайды Madeniportal.kz....

Жаңалықтар

Жоғары аудитор палатасы қайырымдылық қорларының жаппай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды madenipo...