Гүлбарам Тюлюбаева: «Заманауи журналистиканың дамуы біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды»

Фотосурет ұсынылды

Заң
587

19 маусымда Қазақстан Президенті журналистердің жұмысын тиімді, әрі қауіпсіз ету үшін құрылған "Масс-медиа туралы" Заңға қол қойды, 20 тамызда күшіне енетін заң жобасында қандай талап-міндеттер бар?  

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын "БАҚ туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" екі заң реттеген-ді. Енді олар "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" жаңа заңға біріктіріліп, түзетулермен аздап жаңартылды. Құжатта бірқатар жаңа ережелер қарастырылған.

Заң Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде мемлекет мүдделерін, қоғамның сұраныстары мен медиасфераның даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы тапсырмасын орындау үшін әзірленді. Заңда бірқатар жаңа ережелер қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, интернет-ресурстарды да қамтитын "Бұқаралық ақпарат құралдарының" жаңа, кеңірек тұжырымдамасы енгізілді.

Ресми мәліметке сүйенсек, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар беруді, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жанынан журналистерді аккредиттеудің оңайлатылған арқылы аккредиттеуді және басқа да функцияларды қоса алғанда, мемлекеттік ақпараттық саясат іске асырылатын Бірыңғай медиа платформа құру көзделген. Аккредиттеу карталарын берудің автоматтандырылған процесі жүргізіледі деп күтілуде. Оған қоса, журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленді. Жаңашылдық қашан да болашақтың жарқын бастауы болып табылады. Небір өзгерістере оң көзқараспен қарай білу керек.

«Журналистің ерекше мәртебесі» ұғымы енгізілді. Ол арқылы сала маманы өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғай алады, ақпаратты іздеу, сұрау салу кезінде, материалды таратқандағы құқықтары ескеріледі. Нақтырақ айтсақ, журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленген. Журналистің көптеген ерекше құқықтары болады деп болжануда. Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді, оны уақыт көрсетеді.

«Біз бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз жұмыс жасаймыз. Маңызды іс-шараларға шақырып, қажетті ақпаратты беріп отырамыз. Брифингте тілшілердің қойылған сұрақтарға бірден жауап алуына аса мән береміз. Енді сұрауларын қарау мерзімі 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл қажетті мәліметті уақытында, яғни қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді, демек өзектілігін сақтайды. Менің ойымша, журналистика қоғамдық сананы қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарады», – дейді Қостанай облысы Лисаков қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлбарам Тюлюбаева.

Бұқаралық коммуникацияның арқасында біз тек ақпарат алып қана қоймаймыз. Ақпаратты беру арқылы журналистика біздің осы ақпаратқа деген көзқарасымызды қалыптастырады десек, артық айтқанымыз емес. Қоғамдық сана – бұл адамдардың шындыққа деген көзқарасының көрінісі. Бұқаралық сананы қалыптастыра отырып, тілшілер қауымы адамдардың дүниетанымына, олардың дүниетанымына әсер етеді. Мысалы, тұлғаның әлем, қоғам, мәдениет және тұлғаға қатысты ойы өзгеруі мүмкін.

Гүлбарам Тюлюбаева атап өткендей, журналистика – бұл өте қиын және тыңғылықты жұмыс. Кез-келген журналист, ең алдымен адам. Сондықтан жаңа заңда "Журналистің ерекше мәртебесі" ұғымы енгізілді. Заңның артықшылықтарының бірі – журналистерді сақтандыру. Бұл міндет жұмыс берушіге жүктелді. Штаттық қызметкерлерді сақтандыру мүмкін болады, олар көбінесе мемлекеттік БАҚ-та немесе ірі жеке компанияларда еңбек етеді. Өңірлік жеке БАҚ журналистермен фрилансерлер сияқты жұмыс істейді, сол себепті сақтандыру қолданылмайды.

Айта кету керек, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуге де көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, адамгершілік пен отбасылық құндылықтарды сақтау туралы тармақ пайда болды. Бірі білсе, бірі білмес, аталмыш тақырып қоғамда қызу талқыланды.

Бұрынғы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заң 1999 жылы жасалғанын және ширек ғасырда медиа кеңістігі айтарлықтай өзгергенін ескере отырып, заң шығарушылар ескі заңға өзгертулер енгізбей, жаңасын қабылдады. Содан кейін депутаттар оған екі жүзден астам өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.

«Біздің әр күніміз әрқашан қандай да бір оқиғаларға, жаңалықтарға толы. Біз күнделікті теледидардағы бағдарламаарды қараймыз, жұмысқа бара жатқанда кептелісте тұрып радио тыңдамаймыз, ғаламтордағы жаңалықтарға шолу жасаймыз. Ақпарат жинайтын және оны қоғамға жеткізетін журналистика саласының әр маманын ойшыл, білікті, сауатты адам ретінде қабылдаймын. Көргенін, естігенін, білгенін қағаз бетіне түсірмес бұрын, үлкен жұмыс атқарады. Әлемде күн сайын орын алатын оқиғалар бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтпейді. Заманауи журналистиканың дамуы біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды. Яғни мәдениет, сән, туризм, саясат, ғылым, музыка және т.б. туралы білуге мүмкіндік береді», – дейді бөлім басшысы Гүлбарам Тюлюбаева.

БАҚ қызметін реттеу мақсатында Заңда республикалық және өңірлік деңгейлерде ұйымдастырылуы мүмкін қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру көзделген. Бұл кеңестердің негізгі қызметі журналистердің этикалық кодексін әзірлеу болып табылады.

Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтірудің жолдары туралы ақпаратты таратуға және орналастыруға тыйым салу белгіленді.

Жанар АХМЕТОВА

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...