Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерді төл мерекесімен құттықтады

Жаңалықтар
108

Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерді төл мерекесімен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтады. 

Онда:Достарым, журналистерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын.

Отандық мәдениет, спорт және туризмді алға жылжытуда БАҚ рөлі орасан зор. Журналистер қоғамдағы өзекті мәселелерге араласып, оңтайлы шешім табылуына атсалысады, осы үшін менің оларға деген алғысым шексіз.

Жақында Астанада үздік журналистерге ілтипат көрсетіп, құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар ұсындық.

Шара «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің Концерт залында өтті.
Сонымен қатар, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» коммерциялық емес ақционерлік қоғаммен бірлесе отырып өткізілген «Мемлекеттік тіл және БАҚ» тақырыбындағы конкурс нәтижелерін шығардық. Мұнда Қазақстанның барлық аймақтарынан 200-ден астам материал келіп түсті. Құрамында журналистер, жазушылар, қоғам қайраткерлері бар эксперттік комиссия конкурсқа түскен барлық жұмыстарды жіті зерттеді.

«Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға ақшалай сертификаттар ұсынылды. «Алпамыс» театрландырған цирк шоуы жалғасқан кең ауқымды концерт өткіздік.

Тағы да шын жүректен шыққан ыстық ықылас пен алғысымды білдіре отырып, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті журналистер!-делінген...



Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...

Жаңалықтар

Соның кесірінен қанша адам оққа ұшып, қаншасы жараланғанын айтпағанда, соғыстың адам санасын қанша у...