Депутат санитарлардың жалақысын көтеруді ұсынды

Депутаттық сауал
85

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков елімізде санитарлардың жалақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Депутаттық сауал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолданды.

Санитар деген қызметті естігенде көбіне еден жуып, шаң сүртумен ғана айналысады деп ойлайды. Бірақ ол кісілердің атқаратын қызметі өте көп. Мысалы, операциялық блокта жұмыс істейтін санитарлар ота біткеннен кейін одан қалған қалдықтарды, адамның ампутацияланған бөлшектерін орап, тиісті қызметке «В» санаттағы қоқыс ретінде тапсырады, - деді Таңсәуле Серіков Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде психоэмоционалдық түрдегі ақы тек дәрігерлер мен медбикелерге беріледі, ал санитарларға төленбейді.

«Хоспистегі санитарлардың атқарып отырған қызметі тек еден жуып, шаң сүртумен шектелмейді. Олар науқастарды тұрғызу, киіндіру, жуындыру, тамақ ішкізу, ер адамдардың сақалын қыру, төсек тартып жатқан адамдардың тісін жуу, дәрханаға пайдалануға қолдану, күту сияқты көптеген қызметті атқарады. Алайда бүгінге дейін олардың жалақысы өте төмен. Ал психдиспансердегі, тубдиспансердегі санитарлардың атқарып отырған қызметін айтпаса да болады. Алайда олардың қолға алатын жалақысы – 90 мың теңге», - деді депутат.

Биыл 1 қаңтардан бастап санитарлардың жалақысына небәрі 3 мың теңгеден 6 мың теңгеге дейін қосылған. Таңсәуле Серіков бұл қаржы бүгінде ешнәрсеге жетпейтінін, елімізде 5 мыңға жуық санитар жетіспейтінін атап өтті.

Ол мәселені шешу үшін мынадай ұсыныс айтты:

  • Санитарлардың жалақысы кем дегенде 2 есе көтерілсін; 
  • Оларға жылына бір рет санаториялық профилактикалық орындарға жұмыс беруші есебінен жолдама берілсін;
  • Пәтер алу үшін жалақысын ескеріп, оларға жеңілдетілген несие берілсін.

Жаңалықтар

Биыл күзде Жошы хан туралы деректі-драмалық телехикаяның түсірілімі басталады, деп хабарлайды madeni...

Жаңалықтар

Медицина ғылымдарының докторы, гигиенист-нутрициолог ғалым, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті...