Ринат Зайытов құзырлы органдардың жұмысын сынға алды

Депутаттық сауал
229

Мәжілістің жалпы отырысында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және  Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасы қаралды.  Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов өз кезегінде "Әділетті Қазақстан қашан орнайды?" деген сауалын Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға төтесінен қойды. Депутаттық сауалға құзырлы органның қос қызметкері нақты жауап бере алмады. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.

«Сұрақ Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Жоғарғы соттың өкілдеріне. Президенттің «Әділетті Қазақстан» деген халыққа үміт сыйлаған бір сөзі бар. Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кетіп, қамай алатын Ішкі істер министрлігі бар. Оған жоқ жерден айып тағатын прокуратура бар. Оған шешім шығара салатын сот бар. Осыған байланысты сұрақ. Әділетті Қазақстанды қашан орнатайын деп отырсыздар?», - деді Ринат Зайытов.

Әділет министрі Азамат Есқараев депутат сауалының орынды екенін айтып, арнайы жұмыс тобында бұл мәселені талқылайтынын жеткізді. Бірақ сұраққа нақты жауап бере алмады.

Сұрағыңыз орынды. Мемлекеттік органдармен қайта пысықтап, сіздің сұрағыңызға жауап берейік, - деді ведомство басшысы.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үнсіз қалды.


Жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен, деп хабарлайды madeniportal.kz B...

Жаңалықтар

Ақмола облысында патронаттық тәрбиеде болған 8 жасар бала жәбір көрген, деп хабарлайды madeniportal....