Құрылыс компаниялары азаматтарға үйді төмен бағамен береміз деп  алдап жүр - Дәулет Тұрлыханов

Депутаттық сауал
154

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов үлескерлер мәселесін шешуді сұрап, Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға сауал жолдады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Астана қаласының аумағында 243 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап, оған 40 мыңнан астам үлескер тартылған.

Депутаттың сөзінше, 20 жыл өтсе де, мыңдаған қазақстандық жауапсыз құрылыс салушыларға сенім артып, алданған үлескерлердің мәселесі толық шешімін таппай келе жатыр. Салдарынан пәтер де, ақша да жоқ.

Оның ішінде зейнеткер де, тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар, жалғызбасты ана мен мүгедек жандар да бар. Бүгінде қолындағы бар қаражатын үйге салып, өздері пәтер жалдап жүрген халық көп. Қолдағы мәліметке сүйенсек, соңғы екі жылда үлестік құрылыс саласындағы қылмыстық істер бойынша 16 адам сотталып, 300-ден астам компания әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - дейді Дәулет Тұрлыханов.

Депутаттың айтуына Астананың өзінде "Сатурн-1,2,3,4", "София" сияқты тұрғын-үй кешендері аяқталмаған, немесе аяқталғанының құжаты реттелмеген болып шығады. Сондай-ақ "Диана", "Оникс", "Аскер-1", "Аскер-2", "Хазар", "Оазис" сияқты ондаған жылдар бойы құжаты дұрысталмай, әлі күнге дейін қажетті инфрақұрылымдар жасалмаған тұрғын-үйлер көп екенін айтты.

Дегенмен нақты жұмыс әзірге байқалмайды. Мысалы, әлі күнге дейін құрылыс компаниялары азаматтарды үйді төмен бағамен береміз деп, оларды алдап жүр. Нәтижесінде ақша да жоқ, уәде етілген «шаршы метр» де жоқ. Көбінесе құрылыс салушылардың заңсыз әрекеттері азаматтардың қаражатын алдын ала келісілген шарттар, инвестициялар сияқты заңсыз басқа бағытта жасалады, - деді ол.

Айта кетейік заң бойынша, құрылыс салушылар үлескерлердің ақшасын екі жағдайда ғана тарта алады.

Біріншіден, қазақстандық тұрғын үй компаниясымен шарт болған кезде.

Екіншіден, әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда. Егер жобаға банк қатысса немесе үйдің каркасы болса, әкімдік рұқсат береді.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...