Шекара маңындағы ауыл жұмысшыларының жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілуі керек

Депутаттық сауал
138

Сенатор Жанболат Жөргенбаев ауылды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға көңіл бөлу мен ауылдың инфрақұрылымына байланысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жалпы, шалғай және шекара маңындағы елді мекендерді дамыту және жаңғырту ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша стратегиялық маңызды. Шекара маңындағы ауылдардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бөлек бюджеттік бағдарлама ашу қажет (моноқаланы дамытуға бағытталған бюджеттік бағдарлама аналогиясы бойынша), - деді депутат.

Сондай-ақ мемлекет құрылыс саласымен айналысып жүрген ірі кәсіпорындармен бірлесіп шалғай елді мекендерде шикізатты өңдейтін жергілікті өндіріс ошақтарын ашуы қажет екенін айтты.

Қолданыстағы заңнамада белгіленген ауылдық үстемақыдан тыс мемлекеттік шекараға 50 шақырым жақын орналасқан ауыл қызметкерлері үшін лауазымдық жалақыға 25%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде (республикалық бюджеттен) үстемақы белгілеу арқылы жас мамандар үшін ауылдық жерлерде, шекара маңындағы аумақтарда еңбек қызметін жүзеге асырудың тартымдылығын арттыру қажет, - деді Жанболат Жөргенбаев.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...