Ауылдағы мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болған ер адам туысқа қарындасын 6 жасынан бастап 1...
Енді діни уағыз айту арнайы құжатпен реттеледі
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен І республикалық уағызшылар форумы өтті. Жиында "Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті" тұғырнамасы қабылданды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Құжаттың мәтінін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды. Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.
Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-на қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру, - деп атап өтті Батыржан Берденұлы.