Жезқазғанның Қабанбай батыр шағын ауданында заманауи мектеп салынады

Жаңалықтар
962

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өзінің жұмыс сапары барысында 2023 жылы Қабанбай батыр шағын ауданында 300 орындық мектеп салуға бөлінген жер учаскесіне барды. Жұмыстар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жүргізілетін болады.

 

Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Бүгінгі күні жер учаскесін ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Оң Мемлекеттік сараптама алғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Конкурс қорытындысы бойынша қазіргі заманғы мектеп құрылысының талаптарына сәйкес келетін мердігер ұйым айқындалатын болады.

Өңір басшысы құрылыс басқармасына және Жезқазған қаласы әкіміне осы жобаға тапсырыс берушіге туындайтын барлық мәселелер бойынша жәрдем көрсетуді тапсырды.

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...