Наурыз мерекесіне орай ел бойынша 10 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды madeniportal...
Еліміз Иранмен мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мен Иран елшілігінің Қазақстандағы мәдениет істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матинмен кездесті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан мен Иран мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді, ал мәдени-гуманитарлық байланыс елдер арасын жалғайтын көпір десек болады. Сонымен қатар белсенді әріптестік жұмыс кинематография, реставрация және кітапхана қызметі салаларынан да айқын көрінеді.
«Екі жақтың өткізіліп жатқан іс-шараларға қатысуы мемлекеттеріміз арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ Иранмен тарихи негізге, ортақ мәдени және рухани құндылықтарға құралған көпқырлы қарым-қатынасты дамытуға бағытталатынына сенімдімін»,–деді Күміс Сейітова.
Кездесу барысында бірнеше мәселе талқыланды. Оның ішінде кинематография саласы мен ортақ жобалар да қозғалды.
Айта кетейік, Тегеран қаласында 2024 жылы 11 ақпанда қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» кинокартинасы «ФАДЖР» халықаралық кинофестивалінде «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациялық жүлдесіне ие болды.