Ақордада бір топ азаматты мерекелік наградамен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады madeniportal.kz...
Мәжіліс төрағасы Ресейге барды
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына баруы жоспарланған, деп хабарлайды madeniportal.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді. Қазанда Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі», делінген хабарламада.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.