Қыдырбек Рысбек. Мен көрген чемпиондар

Жаңалықтар
2100

Ердің сойы – екі ағам


ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында бұған дейін әбден тепкіге ұшырап, жойқын ашаршылық пен қанды қасап репрессиядан, екінші дүние жүзілік соғыстан әбден қансырап, селдіреп, рухы білте шамдай өлеусіреп қалған қазақ жұртының еңсесі ептеп көтеріле бастады. 

Оған бір себеп: Шоқыр Бөлтекұлы баптаған боксшылар құрамасының дүркін-дүркін жеңістері болса, екінші жағынан Қабден Байдосов бастаған балуандарымыз да қатты қажыр танытып, одақтық, халықаралық бәсекелерде топ жара бастады. 

Осы дүрмекте Әбдісалан Нұрмаханов пен Әбілсейіт Айхановтың даңқы ерекше дүркіреді. Қара нардай қос саңлағымыз жер шарының спорт ареналарын дауылдай шайқады. Сол қымбат жеңістерімен туған халқымыздың мұңайған көңілін шат қылып, еңкейе бастаған еңсесін тік көтеріп әкетті. Осы жылдары қазақ рухы қайта түледі.

Әбілсейіт Айханов – ССРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, ССРО чемпионы, Совет одағы чемпионатының күміс медалисі, ССРО кубогының алтын медал иесі, кіші әлем чемпионатына баланған «Тбилиси» турнирінде екі рет жеңіске жетті, айтулы халықаралық жарыстардың жеңімпазы (сол жақта).

Әбдісалан Нұрмаханов – ГАНЕФО ойындарының чемпионы, ССРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атанған бірінші қазақ спортшысы, ССРО чемпионатының екі дүркін күміс, ССРО халықтары спартакиадасының екі мәрте қола жүлдегері.

Екі ағаммен де етене жақын сыйластым. Еркелеген кезім де болды. Қазір сол сәттер сағынышқа айналды...

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...