Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 119 шетел азаматы ұсталды

Заң
324

Астанада көші-қон қызметінің қызметкерлері жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.

Бір күн ішінде елордада елімізде болу тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды.

Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.

Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.

ІІМ көші-қон қызметі комитеті көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда оқушылар онлайн оқып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.  Облыс аумағында...

Жаңалықтар

Жалақыны бірнеше рет заңсыз өсіргендер анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Мәліметтерге сүйе...