Марат Әйтеновке қатысты Қылмыстық кодекстің 109-бабы 1-бөлігі 1-тармағы – "Ұрып-соғу" бойынша...
Шымкентте жүк пойызы жас жігітті қағып кетті
447
Шымкентте 8 наурыз күні жүк пойызы жас жігіт қағып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Оtyrar.kz сайтының жазуынша, Жиделібайсын көшесінде жүк пойызы жас жігітті қағып кеткен.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, 18-20 жас аралығындағы жігітті пойыз 20-30 метрге жерге сүйреп кеткен.
Көліктегі полиция департаменті аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеді.
Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды, - делінген ведомства ақпаратында.