Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, екі зейнеткер Орталық қалалық клиникалық ауру...
Басына оқ атқан инкассатордың ұрлыққа қатысы бар ма?
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ақтаудағы банктердің бірінің инкассаторы қызметтік қарудан басына оқ атып, мерт болды. Ол банктен 10 млн теңге ұрлаған деген күдікке ілінді. Полицейлер бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
Lada.kz сайтының мәліметінше, Ақтаудағы 14-шағын ауданда банк ғимаратында 1981 жылы туған инкассатор ғимараттың жертөлесіне барып, қызметтік қаруымен басына оқ атқан. Ғимаратқа жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері келіп, жертөленің кіреберісін қоршауға алғаны айтылған. Басылым өкілі кеше сағат 23:00-де оқиға орнына барып, полиция қызметкерлері жүргеніне көз жеткізген.
"Ақтау қалалық полиция басқармасы ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.