Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге өтемақы талап етіп отыр

Оқиға
318

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот басталды. Ждел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан жігітті алғашында кешіріп, кейіннен не себепті 5 миллион өтемақы сұрап отырғанын айтты. Қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша қаралып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ktk.kz жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлы материалдық шығын өндіру үшін арнайы қорғаушының қызметіне жүгінгенін хабарлады.

«Бәрінің заңды болғанын қалаймыз. Қорғауымдағы азамат бір рет ота жасады. Төреғали Берікұлы әлеуметтік желіде өзін ұрған азаматты кешіретінін айтты. Бірақ соққы қатты ауыр болған. Денсаулығына зақым келген. Моральдық шығын өтеп беруін талап ету маңызды. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады», деді жәбірленушінің қорғаушысы Бағдат Хасенов.

Төреғали Берікқалиұлы сот залында ауыр соққылардың денсаулығына төндірген қаупін анықтау үшін медициналық сараптама жасатуды ұсынды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...