Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бұрынғы ұлттық эконо...
Алқабилер сотына қатысты жаңа норма енгізілді
Жаңа заң жобасы бойынша, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, соңында алқабилер кеңесу бөлмесінде қалады. Алқабилер сотында шешімді кеңесу бөлмесінде судьяның қатысуынсыз 11 алқаби қабылдайды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Депутаттар істі қарап отырған судья алқабилермен бір бөлмеде қалмауы керек деген норманы енгізіп отыр.
Судья өзінің кабинетінде отыруы керек, алқабилер судьясыз шешім қабылдап, сол хаттаманы кәсіби судьяға табыс етіп, сол бойынша ол шешім шығаруы қажет.
Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Аталған норма азаматтардың құқығын қорғауға басымдық беру мақсатымен енгізілуде.