Қосшы қаласында салық қызметкері декларация тапсырған азаматтардың атынан несие рәсімдеген

Заң
758

Ақмола облысы Қосшы қаласында  прокурорлар салық қызметкері жасаған қаржылық алаяқтықты әшкереледі, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақмола облыстық Прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

«Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.

Осы ретте, прокуратура қызметкерлері азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарынан сақ болуға шақырады.

Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтың алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова көз жұмды, деп хабарлайды Madeniportal.kz....

Жаңалықтар

Жоғары аудитор палатасы қайырымдылық қорларының жаппай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды madenipo...