"Хабар" арнасының ток-шоуы қоғам сынынан кейін жабылды

Қоғам
541

"Хабар" телеарнасындағы  «Бірақ...» бағдарламасы қоғам сынына ұшырағаннан кейін жабылатын болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-парақшасында жазды.

“11 наурыздан бастап “Хабар” арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселені көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда тікелей эфирдегі шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікір тудырды. Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна мұндай олқылыққа жол бермеуге тиіс еді. Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасындағы-тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуі, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламауы қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Бұл ток-шоу жабылады”, — деп жазды ол.

Айта кетейік бұған дейін отбасылық ток-шоуда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелге арналған бағдарлама көрсетіліп, ол қоғамдық резонанс туғызғанын жазған едік.

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...