Нәтижелі диалогтің нақты үлгісі

Пікір
503

Президент жанындағы негізгі консультативтік-кеңесші орган ретінде Ұлттық құрылтай қоғам, зиялы қауым өкілдері және сарапшылар қауымдастығын мемлекетшілдік мәселелерді бір арнаға біріктіретін диалог платформасының тиімді үлгісін қалыптастырып, дамытып келеді.

фото: ашық дереккөз

Құрылтай отырыстарында Президент алдында өзекті сұрақтардың шешімін тал­қылау форматы – қоғам мен мемлекет арасындағы нәти­желі диалог жүргізудің жақ­сы үлгісі. Мұнда қоғам­ның өзек­ті мәселелері талқы­лана­ды. Мәселен, өткен жылғы жиын­да кітапхана ісін дамыту, оқу сауаттылығын арттыру, тәрбие жұмысының құнды­лығы талқыланды.

Мемлекет басшысы Құ­рыл­тайда «Заң және тәртіп» қағидатын адам құқықтарын қорғаудағы басты ұстанымы ре­тінде айтқан болатын. Бү­гінде осы қағидат барлық заңнамалық бастамада ір­гелі негіз ретінде айқындалып отыр.

Ұлттық құрылтай аясында талқыланған кейбір мәсе­ле­лер депутаттық бастамалар негізінде заңнамалық деңгейде шешімін тауып келе­ді. Мысалы, Құрылтайда көтеріл­ген кітапханалардың қыз­ме­тін жақсарту, оқушы­лар мен жастар арасында кітап оқуды дамытуға бағыт­талған Мемлекет басшы­сы­ның тап­сырмаларын орын­дау мақ­сатында депутат­тар «Қазақ­стан Респуб­ли­ка­сының кейбір заңнама­лық актілеріне білім және мәдениет мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Бүгінде бұл құжат бойынша Мәжілісте жұмыс тобы құрылды.

Баршаңызға белгілі, Мем­лекет басшысы «Білім және тәлімгерлік туралы» заң­ға қол қойды, оның аясын­да мек­тептегі білім, тәрбие жұ­­мы­­­сының бірқа­тар мәсе­лесі ше­шілді. Нақты­лап айт­сақ, енді, мектептер және балабақшалар жоспар­­ланбаса, көпқабатты тұрғын үйлер салынбайды. Сон­дай-ақ мемлекеттік мектеп­тер мен колледждерді жеке­шелен­діруге тыйым салын­ды. 30 жылдан астам пайдала­ныл­ған мектеп, балабақша және колледж ғимараттары әр 5 жыл сайын апаттылық қаупі бойынша тексеріледі.

Бірінші сыныпқа қабыл­дау үшін емтихан өткізуге тыйым салынды. Бұл – балаларымыз­ға тең білім мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін өзекті нор­ма.Сабақ кезінде ұялы теле­фон­дарды пайдалануды шек­теу туралы арнайы норма да жо­баға енгізілді. Норма тек са­бақ кезіндегі шектеулерге қатысты. Бала телефонын мектепке әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алады. Бұл тұрғыда ешқандай шектеу жоқ. Сабақ кезінде бала тек оқумен айналысуы керек.

Сонымен бірге Түркіс­тан­да өткен Ұлттық құрыл­тай­да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вейп және түрлі электронды темекілерді ұлт саулығына қауіп төнді­ретін кесел деп атап өтті. Ол электронды темекінің бәрі­не қолжетімді және оның зиянсыздығы туралы түрлі жарнаманың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы осы қауіпті үрдіспен күресу үшін жүйелі және шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтқан болатын.

Мәжіліс депутаттары вейп және электронды теме­кілердің сұйықтығына, оларды тауар ретінде енгізуге және оның айналымына то­лық тыйым салу туралы нор­ма қабылдады. Бұл да Ұлт­тық құрылтай аясында ұлты­мыздың келешегі жастары­мыздың денсаулығы үшін шешімін тапқан өзекті сұрақ.

Қоғамның барлық сала­сын­дағы осындай күрделі мәселе­лер Ұлттық құрыл­тайдың негі­зін­де жүйелі әрі нәтижелі ше­шімін тауып келеді. Оған мысалдар көп. Депутаттық корпус Ұлттық құрылтайда көтеріл­ген сұрақтардың жауабын заңнамалық негізде шешілуде одан әрі еңбек ете береді.

 

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА,

Мәжіліс депутаты 

Жаңалықтар

Бәйдібек ауылында ер адам бірге тұратын әйелімен ішімдік ішіп, кейін екеуі жанжалдасып қалған. Желід...

Жаңалықтар

Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz. ҚР СІМ...