Футболдан ұлттық құрама команданың қорғаушысы Нұрәлі Әліпке қатысты тіл мәселесіне нүкте қойылды, де...
«Ұлтымыздың ертеңі үшін»: Айтыскер ақын Біржан Байтуов Президентке үндеу жасады
видеодан алынған скрин
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қаратау» өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов ЛГБТ ұйымының пропагандасына қарсылық білдірді, деп жазды madeniportal.kz.
«Ұлтымыздың ертеңі үшін жан алысып, жан беріскен рухани шайқастар болып жатқанда, үнсіз қала алмадық. Қазақ мына жақта алаңсыз Олимпиядадағы төрешілердің әділетсіздігімен алысып жатқанда, ұрпақтың алдындағы нағыз әділетсіз шешімдер қабылданып кетуге шақ қап тұр, ағайын. ЛГБТ ұйымының пропагандасына қарсы петицияға 50 мың қол жиналғанымен, ол тек ішінара ғана қанағаттандыруға жарапты. Аида Балаеваның кешегі мәлімдемесінен осыны ұқтым. Ал негізгі шешімді 6 тамыз күні шығармақшы. Сол үшін, бүкіл қазақ халқы осы екі күнде оянбаса болмай тұр. Батыстың оғлан батырлары, шығыстың тастүлек ерлері, Арқаның ақжүрек азаматтары, Сырдың саңлақтары, Жетісудың марғасқалары! Тектілік танытар кез келді. Алаңға шығып аттандаңыз демейміз. Бірақ бұл азғындыққа қарсы екенімізді ашық түрде билікке жеткізер кез келді. Дәл осы тарихи кезеңде мемлекетті басқару аманатын арқалаған тұғырлы төрдегі, құзырлы қызметтегі азаматтар! Естуші мемлекет бар болса, біздің үндеуімізге құлақ асып, ЛГБТ ұйымының елімізде бұдан былай еркін тайраңдауына заңмен тыйым саларсыздар деген сенімдеміз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден, осы елдің басшысы ретінде һәм халықтың жауапкершілігін арқалаған жанашыр тұлға ретінде осы істі жіті қадағалап, өзіңіз басшылыққа алуыңызды сұраймыз», - деді айтыскер ақын әлеуметтік желіде.