Астанада қойма өртенді

Оқиға
465

Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданында жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді, деп хабарлайды madeniportal.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 7.20-да Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Байқоңыр ауданында болған өрт орнына шықты.

1000 ш.м. алдын ала алаңда отпен толық оранған бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды.

Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 15 техника жұмылдырылды.



Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...