Алматы қаласының прокуратурасымен көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 гектар жер телімі...
Азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салынбақ
Елімізде жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаларға несие беруге тыйым салу ұсынылды. Бұл ұсыныс Әділет министрлігі мен Мәжіліс депутаттары тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов несие беру заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастыру барысында мәлімдеді.
Қазақстан азаматтарының көбінің қарыз алу себебі – құмар ойынға тәуелділік. Адамдар казиноларға бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта бұл несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар. Агенттік ережелерінде жұбайының келісімін алу қажет несиенің ең төменгі сомасын анықтау ұсынылады, – деді Нұрлан Әбдірахманов.