Шағын ғана Керегетас ауылында болған адам өліміне қатысты күдікті анықталып, сот шешімі шықты деп ха...
Астанада "Тазару" жалпыұлттық акциясы өтеді
486
23 наурыз күні сағат 10.00-де Астанада өңіраралық "Тазалық эстафетасы" аясында Жаңа жыл жаңа мақсатпен, жаңа үмітпен кездесуін айшықтайтын "Тазару" жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметігше акция аясында аулаларды, көшелерді, сондай-ақ арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
Акцияға қала тұрғындары, бизнес өкілдері, құрылыс компаниялары, еріктілер, қоғамдық ұйымдар, мәдениет қайраткерлері, спортшылар және т.б. қатысады.
Биыл Қазақстанда Наурвз 10 күн тойлануда. 23 наурызда Наурызнамның онкүндігінде Тазару және жаңару күні аталып өтеді.