СҚО-да мектептің екі оқушысы қартты өрттен құтқарып қалды

Аймақтар
99

Солтүстік Қазақстан облысы Шағалалы елді мекенінде көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, бір адам күйік алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: СҚО Төтенше жағдайлар департаменті

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданы Шағалалы елді мекеніндегі екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққандығы туралы хабар 21 наурыз сағат 13.47 минут кеткенде келген. 

Елді мекен мен жақын маңдағы өрт сөндіру бекетінің арасы 55 км шақырым. Мамандар келгенше өртті «СКОС» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымы сөндірді.

Фотосурет: СҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Ал осы уақытта ауылдағы орта мектептің екі оқушысы – 16 жастағы Константин Антропов пен 15 жастағы Станислав Петерс пәтер иесін құтқарды.

зейнеткердің денесінің 20 % күйіп, иіс тиіп уланған. Қазір 68 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.

Алдын ала болжам бойынша, өрт пешті дұрыс қолданбаудан шыққан.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...