21-22 наурыз мереке күндері қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары т...
Атырауда терроризмді насихаттаған 17 жастағы азамат ұсталды
247
15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.