Астана әуежайында ауа райына байланысты ұшақтардың ұшу кестесі өзгеруі мүмкін

Жаңалықтар
196

Бүгін Астана әуежайы рейстердің ұшу кестесінде өзгеріс болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: basnews.kz

Астана әуежайы бүгін,  25-ші наурыз күні кешкі сағат 8-ге дейін аэродромда қалың тұман болып, соның салдарынан рейстердің ұшу кестесі өзгеруі ықтималдығын ескертті.

Құрметті, жолаушылар! Метеорологтардың ақпараты бойынша 25 наурызда елорда әуежайының әуе айлағында таңғы 08:00-ге дейін қалың тұман болады. Осы аралықта кейбір рейстердің ұшу және қону уақытына өзгеріс енуі мүмкін, – делінген хабарламада.