Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz....
Сайрагүл деп соққан жүрек неге суыды?
Сайрагүлдің күйеуі Уәли Сыламның кеудемсоқ, халықаралық дәрежедегі Нобель сыйлығына лайық актер Серікжан Біләшұлына берген сұхбатына жауап бермейсіз бе дегендерге айтарым, жауап бергім келеді, жауап бергенде де қандай жауап берер едім... әрбір сөзіне жауап беруге болады...
Тақырыпты былай қояр едім: "Сайрагүлдің үш иттігі" немесе "Серікжанның айтағына ерем деп бұты айырылған Сайрагүл..." ("Аттыға ерем деп жаяудың бұты айырылды")
Бірақ жауап беруге тұрмайтын адамдарға уақытымды, жүйкемді текке кетіріп, аппақ парақты текке былғап қайтемін...
Оның үстіне, Абзал оны ары қарай да қорғай беретін болса, зиянымды тигізбей-ақ қояйын...
Бұл мәселеден мен Серікжанның ойынынан басқа, Сайрагүл мен Уәлидің екіжүзділіктерінен басқа - бәрінің ар жағында биліктің "рокировкасын" көргендеймін. Биліктің ойыны болса, мұндай ойынға екі-ақ себеп:
1 себеп: демек, Сайрагүл Қытайға қайтарылмайды деген сөз, оған босқын мәртебесін де, азаматтық мәртебе де беретіні нақты белгілі болған. Ондай ақпараттар әдетте Серікжанға бірден жетеді. Ал менменшіл жұлдызит (жұлдыз ауруымен ауыратын адамның диагнозы) Серікжан мұндай орайлы сәтті құры жіберсін бе? Ол кез-келген ситуацияны өз ұпайына пайдаланып қалудың мәстірі. Абзал періштесінен айырылып, істі бақылай алмай қалып еді, ондай кезде қанжарын қайрап дайын тұратын Серікжан сауатсыз Уәлиді қуыршақ қылды. "Мен бастағам!" деп кеудесін керіп отырған істен іс оңынан шешіліп тұрған соңғы сәтте Абзалды, Сәулені, Нұргелдіні - Сайрагүлге қорған болған бүкіл халықты ысырып тастап, соңғы этапта "бұл істі де мен тындырдым" дегісі келеді. Оның үстіне, қожайындарының тапсырмасын орындау керек... яғни біздің арамызды - Сайрагүлдің сөзін сөйлеген барлық ұлтшылдардың арасын ажыратып, елдің алғысына бөленіп жүрген адамды барынша тұқырту керек...
2 себеп: демек, билік Сайрагүл Қытайға қайтарылады деген шешім шығарған. Соның ең қолайлы тәсілін, ыңғайлы жолын тапты. Серікжанға бұлар барып Сәуле туралы екі ауыз айтса, Серікжан отқа май құйып-құйып жіберсе, бітті шаруа деген ғой. Сәуле эмоцияның адамы - тұтанбай қалмайды, міндетті түрде пост жазады. Сайрагүлден бас тартады, "күл болмасаң, бүл бол" дейді. Халықтың Сайрагүлге деген жек көрінішін тудырады. Халықтың жартысы Сайрагүлді бұрынғыдай қорғаудан - асқар таудай артында тірек болып тұрудан бас тартады. Тіпті, адвокаты Абзал да, қанша жерден кәсібіне адал, жауапкершілігі жоғары болса да - өзі психологиялық күйзелісте жүргенде мұндай иттікке шыдамай, ол да Сайрагүлге қолын бір сілтеуі мүмкін деген шығар... Сосын билік "біз саған босқынды да, азаматтықты да беретін едік, ел ішін ала тайдай бүлдіруді қоймадың, енді өз обалың өзіңе, пәлен-пәштуан" дейді де вщть дегізіп Қытай асырып жібереді. Ол үшін Серікжанның да, басқаның да мұрты қисаймады, есесіне халық алдында да, Қытай алдында да биліктің ұпайы түгел болады.
Сайрагүл мен Абзалдың (және халықтың) арасын ажырату билікке және Серікжанға керек, басқа ешкімге керек емес. Олар сол мақсатына жақын...
Расымен, бүгіннен бастап мен үшін Сайрагүлдің өмірі көк тиын. Бетіңе күліп жүріп, бір сұққан қанжарын жон арқадан дәл солай екінші, үшінші рет салғанда, алдыңғы жарақаттай ауырмайды екен...
Сені Алла аясын. Алла мүсіркесін, Сайрагүл...
Бәрімізге бір Құдай жар болсын.
Сайрагүл, мына құжаттардың бәрі - бірінші күннен бастап мен саған дайындаған құжаттар. Керек етсе Абзал алар... Айтқандай, "Жер-су" корпорациясының бастығы Бауыржан Оспановқа саған үй сұрап хат жазған едік, сол хатқа көзім түсіп кетті...
Сенің обалың, екі баланың обалы Серікжанға.