Әскерде жүріп, бас жарақатын алған қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатыр. Жыл...
Бұрынғы әйелі Бишімбаевтың өтірігін шығарды
Фото интернеттен
Кеше Қуандық Бишімбаев алғаш рет сот залында қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. Айта кетейік, бұған дейін ол түсініктеме беруден 5 рет бас тартқан болатын. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.
Түсінік беру барысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында біршама түсінбеушілік болғанын, оған да Салтанат кінәлі екенін айтқан еді.
Сот отырысы аяқталғаннан кейін көп ұзамай бұл оқиғаның ойдан құралғаны анық болды. Назым Қаһарман әлеуметтік парақшасында Бишімбаевтың айтқанын жоққа шығарды.
Мәселен Бишімбаев Салтанат пен балаларын алып шетелге демалуға шығар кезде болған жайт туралы айтып берген болатын. Қуандық Бишімбаевтың сөзінше, Салтанат шетелге шығар алдындағы түнде шетелдік төлқұжатын жоғалтып алған.
Осыған байланысты Назым Салтанатпен не жайлы сөйлескенін көрсеткен. Салтанат бұл жайтқа қатысты Назымнан бірден кешірім сұраған.
Назым Қаһарман айтуынша, марқұм Нүкенова екеуінің арасында ешқандай түсінбеушілік, агрессиялық хат алмасулар болмаған. Бұл туралы тіпті ол Салтанат Нүкеновамен алғашқы әрі соңғы рет хат алмасқан фото-скринін салып, шындықты жайып салды. Әйелдердің смс жазбасынан олардың өте жылы қарым-қатынаста екенін байқауға болады.
«Төлқұжатымды жоғалтып алғаным үшін кешірім сұраймын, үйде көшіп, арасында стреске түсіп, бәрі қабаттасып кетті. Балалардың маған көзқарасы жақсы, ол сіздің арқаңызда. Өте мейірімді және тәрбиелі балалар. Бұл сіздің арқаңыз деп білемін және сізге құрметпен қараймын. Егер қарсы болмасаңыз сізбен таныссам деп едім. Қарым-қатынасымыз жақсы болғанын қалаймын», - деп жазған Салтанат.
Назым Қаһарман марқұм Салтанаттың тек өзіне емес, балаларға да өте жақсы қарым-қатынаста болғанын. Арада бес ай уақыт өтсе де, қызының әлі де Салтанаттың қайтыс болғанына сенбей, оған хат жазып жүргенін айтып, қызының Салтанатқа жіберген хатын көрсетті.
«Мен қатты сағынып жүрмін. Әкем – нашар адам. Әйелді ұру – сұмдық әрі ұят! Сізді жақсы көремін», делінген смс хабарламада.
Айта кетейік, Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл некеде болған. Олар 2020 жылы ажырасып кеткен. Назым Қахарман мен Қуандық Бишімбаевтың үш баласы бар.
1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы туралы өз нұсқасын айтқан болатын. Сонымен қатар, Бишімбаев сотта Салтанаттың жеке өміріндегі бұрынғы жайттар туралы да айтты.
27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.
Кейін Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады.
Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.