Ақтөбе облысында шенеунік қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың бас...
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 478,8 миллиард теңге қарастырылуда
2024 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде қаржы жұмсалды, деп жазады madeniportal.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді», делінген ақпаратта.
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 7%-ға артты. Осы жылға мемлекет көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін 478,8 миллиард теңге қарастырып отыр.