Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің...
Министр көз жұмған жас жігіттің өлімі жайлы не дейді?
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы субұрқақта көз жұмған жас жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.
Оның айтуынша, оқиға сағат 16.00-де болған.
«Ауа-райы өте ыстық болды. Тыйым салынған белгіге қарамастан, ол субұрқаққа, екі деңгейлі бөлігіне түсіп кеткен. Ол субұрқақта екі тостаған бар, ол ішке түсіп кеткен. Өлімнің себебі бүгін медициналық сараптама нәтижелері бойынша белгілі болуы керек. Алдын ала белгілісі – оның жүрегі тоқтап қалған немесе электр тоғы соққан», – деді Саясат Нұрбек.
Марқұм 11-ші сынып оқушысы, №185 мектепті бітірген. Қайғылы күні ол университетке ҰБТ тапсыруға келген. Алайда, электр қуаты ақауына байланысты емтихандар тоқтатылған.
Саясат Нұрбек болған оқиға үшін университет жауапты болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Біз сот-медициналық сараптама қорытындысын күтуіміз керек. Бұл іспен Бостандық ауданының Полиция басқармасы айналысып жатыр. Сонан соң нәтиже шығарамыз», – деді министр.
Еске салайық, 20 маусымда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақтың жанынан жас жігіттің денесі табылды. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады.