Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады

Фото Ақорда сайтынан алынды

Мемлекет басшысы
366
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды madeniportal.kz. 
 
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады" - деп жазды ол өзінің facebook.com парақшасында.
 
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру  және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізген еді. 
 
– Биылғы қарғын су ауқымы жағынан соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналған 2012 және 2017 жылдардағы деңгейден асып кетті. Бұл нені білдіреді? Болжам жұмыстары мүлдем болмаған. Жағдай салалық мамандардың тапшылығынан туындап отыр. Егер әкімдіктер жыл сайын су тасқынына қарсы жоспарланған барлық іс-шараны тиісті деңгейде жүзеге асырғанда, ауа-райы жағдайын ескергеннің өзінде, апаттың салдары мен ауқымы мұншалықты болмас еді. Соған қарағанда, әкімдіктер бұл жұмыстармен айналыспаған. Қазір су тасқынынан төнетін қауіп сейілді деуге келмейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық күші мен құралын, оның ішінде кадрлық және техникалық ресурсын барынша жұмылдыру қажет. Сонымен қатар еріктілерді, жәрдем бергісі келетін азаматтарды тарту керек. Алайда, ең бастысы – мемлекеттік органдар. Ахуал кез келген сәтте ушығып кетуі мүмкін. Қазіргі басты міндет – адам шығынына жол бермеу. Бұл орайда жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз қажет, – дей келе, Президент бірқатар мәселелерді атап өтіп, Үкіметке, құзырлы мемлекеттік органдарға және облыстардың әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Президент су басқан аймақтарда әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мәселесіне Үкімет назарын аударды.

 
 

Жаңалықтар

Жалақыны бірнеше рет заңсыз өсіргендер анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Мәліметтерге сүйе...

Жаңалықтар

Павлодар облысы Майқайың ауданында ағайынды бауырларды зорлап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz...