Астана тұрғыны Facebook желісінде Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына үндеу жазды. Дәлірек ай...
Ерке Есмахан: Жариялап айтуға жолдасым қарсы
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Әнші Ерке Есмахан елімізде орын алған су тасқынына байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек беруге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Өнер иесі қолдан келгенше көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.
«Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Чек көрсетіп, жариялап айтуға жолдасым қарсы. Отбасы болғалы жасаған қаншама үлкен-кіші қайырымды істерімізді айтқызбады. Әрі қарай да жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда. Жазғым-ақ келеді. Себебі сіздер қол қусырып қарап отыр деп ойламасын дегендей. Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін! Біз де дәл сіздердей халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын!», – деді әнші.