"Дала Қырандары" Жібек Жолы тұрғындарына көмекке келді

Фото: "Дала қырандары"

Жаңалықтар
215

"Дала Қырандары" жастар қоғамдық бірлестігі Жібек Жолы ауылының тұрғындарына көмекке келді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сәуірдің 10-ынан 11-іне қараған түні "Дала Қырандары" жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері Астана іргесінде орналасқан Жібек Жолы елдімекеніндегі үйінді бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді. 

Атап айтқанда, "Астана Арлан" командасы сапындағы WCB Дүниежүзілік бокс сериясының Әлем чемпионы Мейірболат Тойтов және Qazaq kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосыновтың басшылығымен Вячеслав су қоймасының жанындағы Жібек Жолы кентіне шұғыл түрде жеткен "Дала Қырандары" ЖҚБ-нің бірнеше жасағы арыны қатты ағын суды тежеп тұрған бөгеттерді нығайтты.

Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Бірлестік мүшелері аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді. Ал 3 сәуір күні "қырандықтар" Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне қолғабыс етті. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесумен қатар, олар қайырымды азаматтар жіберген азық-түлік және басқа да дүниелерді сол жерде түгендеп, оларды еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиеді. Осы аптада Тайтөбе ауылына барып, онда да бөгеттерді бекітуге көмектесті.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...