Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1115

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл оқиға «Самал-1» шағын ауданында болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, дәл осы маңда пиротехника қолданылған. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті ауыздықтауға жеке құрамның 3 маманы жұмылдырылған. Жалын шарпыған құрғақ шөп жедел сөндірілген. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді.