Қазақстан 5G желісін енгізуде әлем елдерінің ондығына кіреді

Жаңалықтар
1535

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов елімізде 5G желісін енгізуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Вице-министр Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G желісі бойынша қанатқақты жоба қолға алынғанын еске салды. «Бұл жұмыстар провайдерден қандай ресурстар керектігін айқындап береді. Осы шаралардың нәтижесі бойынша 5G енгізіледі. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан алғашқылардың бірі болып 4G жүйесін енгізуді бастаған еді, енді бүгінде 5G-ді енгізуге де ерте қамдандық», - деді А. Оспанов. 

Осы орайда, ол аталған жаңа жүйені елімізде кеңінен тарату үшін 5G желісімен жұмыс істей алатын қажетті құрылғылар, яғни смартфондар болуы тиіс екенін түсіндірді. Айта кетейік, биыл көктемде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді. Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде. 

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...