Ақмола облысында полицейлер алты жыл бұрын жоғалып кеткен 40 жастағы Астаналық ер адамды Қорғалжың а...
Астанада Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
gov.kz
17-21 сәуір аралығында Астанада "Eurasian Book Fair" Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Eurasian Book Fair" – еуразиялық кеңістіктегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара, ол бір үлкен зияткерлік платформада Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап сату, ғылыми-білім беру және полиграфиялық компанияларын біріктіреді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен "Фолиант" баспасы болып саналады.
"Eurasian Book Fair" кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Еуразия кеңістігі мемлекеттерінің мәдениетін, әдебиетін және кітап шығарудың түрлі салаларын дамыту саласындағы жетістіктерін көрсету;
- халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;
- кітапты насихаттау, оқуды қолдау, дамыту және насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру;
- әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің үздік заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну.
Көрме-жәрмеңке 17-21 сәуір аралығында Гейдар Әлиев көшесі, 12, Конгресс орталығында өтеді.
Іс-шара туралы қосымша ақпаратты сайттан көруге болады www.eurasbook.com.