Ақтаудағы теңіз жағалауында Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалінің салтанатты а...
Қырғызстандағы сел: Ош облысы төтенше жағдай жариялады
Фото:иҚырғызстан ТЖМ
Қырғызстан елінің бірнеше аймағында сел жүріп жатыр. Ноокен ауданындағы бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кетті. Соның салдарынан ауылдағы 300 үйден тұрғындар эвакуациялануда, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Талас ауданындағы Көк-Кашат, Ақ-жар, Қара-суу ауылдары сел зардабын тартуда. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жүр.
Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай режимі жарияланды.
Ош облысының Қара-Құлджа, Алай, Ноокат және Қара-Суу аудандарында нөсер жауын салдарынан 100-ге жуық үйді су басты.
Мырзаке-Қара-Құлжа-Алайқуу тас жолының 41-ші шақырымында сел жүріп, көліктегі бір отбасы қаза болды.
Құбылмалы ауа райы салдарынан Ош, Жалал-Абад, Баткен облыстарында сел жүру қаупі жоғарылады.
Қырғызгидромет 22-28 сәуір күндері жауын-шашын жиілейтінін хабарлады.