"ҚазМұнайГаз" АҚ-ға мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үш...
"Әділетсіздік жасадым": әнші Алсу бес жыл бұрын Ержан Максимге жүлде бермегенін мойындады
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Танымал ресейлік әнші Алсу қоғам наразылығын тудырған “Голос дети – 2019” шоуында қызының жеңіске әділ жолмен жетпегенін “Ваша Наташа” подкастында айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Аikyn.kz мәліметінше өнер иесі қаншама өзіне айтылған негатив пікірге қарамастан, әннен қол үзбеген. Тіпті, ашуланып, ата-анасына ренжіп, эмоция білдірмеген. Алайда анасы 11 жасар қызының хейтпен қалай күрескені ауыр тигенін мойындайды.
“Ол кезде ештеңе ойлай алмайсың, кез келген ана сияқты балаңа көмектескің келеді. Жобадағы басқа аналардың біреуінің 10 мың жазылушысы бар, біреуінде 50 мың, біреуінде 100 мың жазылушы. Әркім өз туыстарына қоңырау шалады, әркім дауыс жинайды. Менің 2 миллион жазылушым болған, жұлдызды достарым мен әріптестерімнен қызыма дауыс беруді өтіндім. Бірақ мұның арты дұрыс болмады. Мен өзімді ойламадым, мүлдем мән бермедім, тек баламның қазіргі жағдайына алаңдадым. Микелла өте ақылды қыз, ол табандылықпен шыдады, ол тіпті уайымын көрсетпеді. Бізде үйде ешкім ашуын көрсетпейтін, ол мұның бәрін басынан өткерді. Мен ана ретінде бұл үнсіздіктің артында мұң мен көз жасы жасырынғанын түсіндім. Біз бұл тақырыпты ерекше талқылаған жоқпыз, терең де қазбалап, бойламадық, – деп мойындады әнші.
Еске салайық, бес жыл бұрын поп-жұлдыздың кіші қызы Микелла Абрамова "Голос. Дети" шоуына қатысқан. Оның суперфиналдағы өнері ең үздік деп танылып, жас әнші жеңіске жетті. Микелла қарсыластары Ержан Максим мен Валерий Казаковтан басып озды. Алайда қолдан дауыс жинаған деген күдікке ілініп, тыңдарман қауымның сынына ұшыраған еді.