Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Фото интернеттен

Жаңалықтар
869

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламады.

Айта кетейік, Бағдат Мусин бұл лауазымға 2020 жылдың 2 қыркүйегінде кіріскен болатын. Ол 1983 жылы Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «Компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...